1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Бүгінде медициналық көмекті сатып алу кезеңдері автоматтандырылған. Бұл процедураның өзін жеңілдетуге мүмкіндік береді.Іріктеу критерийлері енгізіліп, адам факторы алынып тасталады, процестердің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдері қайда өтеді? Денсаулық туралы Кодекске сәйкес, денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алуды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жүзеге асырады.

2020 жылдан бастап Қор «Электрондық қаржы орталығы» АҚ сатып алу веб-порталында электрондық форматта сатып алуды жүргізеді» (https://fms.ecc.kz/). Медициналық көмектің түрлері мен есептеу тетіктерін ескере отырып, автоматтандырылған көлемдерді бөлу 2020 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілді. 2021 жылға арналған сатып алуды автоматтандырылған режимде өткізу кезінде жеткізушілер арасында сатып алу жоспарының 40%-ы, 2024 жылға арналған сатып алу кезінде-88%-ы, атап айтқанда, сатып алу жоспарында көзделген 2,5 трлн теңгенің 2,1 трлн теңгесі бөлінді.
Электрондық сатып алу не береді? Медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізу және сатып алу шарттарын жасасу ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Бұл адам факторын жоюға және процестердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді және негізгі принциптер сақталады:
- азаматтардың медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- клиникалар арасындағы бәсекелестікті дамыту және шарт талаптарын сақтау бойынша мониторингті жақсарту есебінен медициналық қызметтер көрсету сапасын арттыру.
Медициналық көмекті жеткізушілерді іріктеу қалай жүргізіледі?
Медициналық көмек көлемін автоматтандырылған бөлу алгоритмі бар. Ол бірқатар критерийлерді (индикаторларды) және медициналық ұйымдар қызметінің рейтингтік бағасын ескереді. Оның негізінде Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен әдістемелер бар.

Критерийлерді есептеу үшін ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерінің деректері пайдаланылады («Ресурстарды басқару жүйесі» АЖ, «Медициналық техниканы басқару жүйесі» АЖ, «Тіркелген халық регистрі» АЖ, «Диспансерлік науқастардың электрондық регистрі» АЖ, Тіркелген халық регистрі» АЖ).

Бұл қандай критерийлер?
Бағалау критерийлерінің бірінші бөлімі – ресурстық базаның көрсеткіштері. Дәрігерлермен (тұтастай алғанда ұйым бойынша және жекелеген мамандықтар бойынша) жасақталуы, ғимараттардың, медициналық техниканың тозу үлесі бағаланады.

Бағалау критерийлерінің екінші бөлімі - менеджмент деңгейі және медициналық көмек көрсету сапасы. Жұмыс тәжірибесі, негізделген шағымдардың болмауы немесе болуы, шарттар бойынша орындаушылық тәртіп, медициналық ұйымда аккредиттеудің болуы бағаланады.

Содан кейін осы көрсеткіштер бойынша медициналық ұйымның рейтингтік бағасы есептеледі.
Рейтингтік бағалаудан басқа, көлемді автоматтандырылған бөлу алгоритмі тәулік бойғы және күндізгі стационарлардың төсек қорының өткізу қабілетін, медициналық техниканың өткізу қабілетін, бекітілген халықтың, бекітілген контингенттің (диспансерлік науқастардың, азаматтардың жекелеген санаттарының) санын ескереді.

Айта кету керек, жеткізушілердің қызметін бағалауда стандартталған тәсілдерді қолдану, автоматтандырылған бөлуді жетілдіру және жүйелеу адами факторды қоспағанда, медициналық қызметтер көлемін бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді.
28.06.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу